Жетісу облысында көкжөтел жұқтырғандар саны күрт артты

Жетісуда көкжөтел жұқтырғандар саны күрт артты.

Былтыр  өңірде мұндай жағдай мүлдем болмаған еді.

Биыл 56 бала ауруханаға түскен. Бұған не себеп?

Ардақ Қулубекова қызымен бірге екі күн бұрын ауруханаға түскен. Жөтеле бастаған бес айлық Томиристі анасы алдымен үйде емдеген. Одан еш нәтиже шықпаған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 

Ардақ Қулубекова, қала тұрғыны:

- Жөтелген кезде қатты сырылдап, кешке қозады. Сосын таңертең оянған кезде біраз уақытқа дейін қайтпайды. Қазір тфай-тфай жақсы. Аса несі жоқ. Массажын жасап, кешеден ем алып жақсы деді ғой бәрі. 

Дәрігерлер бүлдіршіннен арнайы сынама алып сараптамаға жіберген. Соның нәтижесінде нақты диагнозын анықтайды. Қазір бұл бөлімде көкжөтел жұқтырған 7 адам ем қабылдап жатыр. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Жыл басынан бері Талдықорғандағы облыстық ауруханаға көкжөтел жұқтырып 40 адам емделген. Олардың 90 проценті бір жасқа толмаған балалар. Бүлдіршіндердің барлығы екпе алмағандар санатында болған,- дейді дәрігерлер. 

Гүлнәр Жүсіпбекова, жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері:

- Көкжөтелдің салдарынан тыныс алу ырғағының бұзылуына алып келеді. Сол себептен апноэ дейміз, қысқа уақытқа тыныс алуының тоқтауы. Бұндай жағдайда балаларға өте қауіпті. Асперациялық пневманияның болуы, жүректің тоқтап қалу қауіпі бар. Бұндай жағдайға жетпейді. Екпе алған науқастар. 

Ауыз жаппай жөтелгендер сәуір айында ауруханаға көп түскен. Сол кезде дәрігерлер 23 баланы емдегеді. Ал жыл басынан бері ақ халаттылар 56 науқасты ауруынан айықтырған. 

Индира Күнбасова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Сырқаттанғандарды алатын болсақ олардың 20 пайызы егу жасына жетпеген балалар. 37 пайызы бас тартқандықтан егілмеген балалар. Ал 38 пайызы медициналық шектеу болғандықтан егілмей қалған балалар. 

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

- Осы ретте айтатынымыз көкжөтелдің алдын алудың бір жолы тек қана екпе алу. Бұл екі үш төрт айында 18 айында алынады. Одан кейін 6 жасында ревакцинация алынады. Қос вакцинацияны алғаннан кейін көкжөтелге төтеп беруге мүмкіндік болады. 

Жетісу облысында көкжөтелге қарсы вакцинаның 38 мыңнан астам дозасы  алынды. Биылғы 4 айда мамандар 10 мыңнан аса балаға екпе салып, иммундық жүйесін күшейтті.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов