Теміртауда көрсетілмеген медициналық қызмет үшін 18 млн теңге төленген
«Теміртаудағы ана мен бала көп салалы орталығында» жұмыс істеп жүрген 42 қызметкерді мекеме науқас ретінде тіркеген.
Сөйтіп олардың еміне бюджет қаражатына сатып алынған дәрі-дәрмектер жұмсалды деп есептен заңсыз шығарылған. Жалған медициналық қызмет үшін 18 миллион теңгеге жуық қаражат шығын болды. Прокурорлық тексеріс нәтижесінде заңсыз жұмсалған қомақты қаржы толығымен бюджетке қайтарылды.