ШҚО-да 18 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункт салынады
Шығыс Қазақстан облысында биыл он сегіз дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункт салынады, деп хабарлайды 24kz.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Прапорщиково ауылында жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Үш мың адамды қабылдай алатын емхана барлық заманауи жабдықтармен қамтылған. Күндізгі стационар, тіс дәрігері, зертханалар мен оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Енді тұрғындар аудан орталығында апталап кезек күтпей-ақ, медициналық қызметтерді ауылдағы емханада ала алады.
Жұлдыз Ысқақова, Прапорщиково ауылының тұрғыны:
- Барлығымыз да қуанып жатырмыз. Өйткені керек нәрсе. Неше түрлі кабинеттер бар екен. Көңілімізден шығып жатыр. Түгел кабинеттерді мен қарап шықтым, ұнап жатыр.
Мирхат Увазыров, Глубокое аудандық ауруханасының бас дәрігері:
- Біздің амбулаторияда 2 дәрігер,4 мейірбике және 2 санитар істейді. Осы амбулатория ашылғаннан кейін біздің штаттық қызметкерлеріміз көбейеді. Өйткені бізде реабилитация кабинеті бар, стоматология кабинеті ашылады.