Қазақстанда 1 шілдеден бастап өндірілген дәрілік заттар таңбаланатын болады
Елде дәрілік заттарды таңбалау тек 1 шілдеден бастап өндірілген препараттарға міндеттеледі. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстандық дәріханалар мен дистрибьюторлардың таңбалау кодтарын есепке алу үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын пысықтауға уақыты бар. Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың мәліметінше, 383 көтерме қойманың 287-сі қажетті жабдықтармен қамтылған. Бүгінге дейін 15 өңірде тексеріс жүргізілді. Цифрлық таңбалау тауар сапасының артуына оң әсерін тигізіп жатыр. Мәселен, аяқ киім импорты кейінгі 5 жылда 39,5-тен 54,5 миллион жұпқа дейін өсті. Отырыста зергерлік бұйымдарды таңбалау мәселелері де талқыланды.