Ұлт денсаулығына жауапты кім?

Елдегі медициналық сақтандыру жүйесі барлық қазақстандықты қамтымай отыр.

3,5 миллион адам оны қолданбай келеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ұлттық мүдде Ерлан Бекхожинмен» бағдарламасында мәлімдеді. Оның айтуынша, көптеген кәсіпкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, медициналық сақтандырусыз жұмыс істеп жүр. Олар тиісті жарналарды төлемейді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Әр адамның жарнасын, оған жұмыс беруші азамат төлейді. Ел тұрғындары да әлеуметтік сақтандыру жүйесіне атсалысуы қажет. Себебі тиісті медициналық көмекті алып отыруы тиіс.

Денсаулық сақтау жүйесінде қандай реформалар күтіледі? Еліміздегі дәрігерлер тапшылығының себебі не? Ұлт денсаулығына кім жауапты? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын, бүгін 22:30-дағы «Хабар» арнасының «Ұлттық мүдде Ерлан Бекхожинмен» бағдарламасынан көре аласыздар.