Ақтөбеде медицина қызметкерлеріне арналған оқыту орталығы ашылды
Ақтөбеде медицина қызметкерлеріне арналған симуляциялық орталық ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Енді мұнда халықаралық стандартқа сай шұғыл көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері үйретіледі. Әсіресе жүрек, өкпе реанимациясы, жаңа туған нәресте және кенеттен жарақат алған адамдарды емдеу секілді маңызды бағыттар қамтылады. Алдымен жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері, дәрігерлер, тіпті көлік жүргізушілері оқытылады. Бұл үшін көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесін меңгерген мамандар дәріс береді. Кейін аудандардағы денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері де орталыққа келіп, білімін жетілдіреді.
Марат Жанқұлов, облыстық медициналық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:
- Бұрын біздер мына тәжірибелі дәрігерлер арқылы үйренетін едік және бұрын медициналық академияға баратынбыз. Соларда профессор-оқытушылар құрамы бар, солар бізге көмектесетін еді. Енді өзімізде осындай орталық бар, оқыған адамдар бар, осы дәрігерлерге, бәріне үйрететін провайдерлер бар.
Ғалымжан Елеуов, облыс әкімінің орынбасары:
- Бұл орталықта тек қана медицина қызметкерлері емес, төтенше жағдай болсын, полиция қызметкерлері болсын, ұстаздар болсын, өзінің қызметімен төтенше жағдайды байланыстырады, сондықтан да осы оқуды орталықта өткізуге болады деп, сондай үлкен жоспардамыз .