Қостанайда медицина қызметкерлері марапатталды

Қостанайда Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиында мерейлі мамандық иесіне құрмет көрсетіліп, мемлекеттік және ведомстволық награда табыс етілді, деп хабарлайды 24KZ.

Өңірдің денсаулық сақтау саласында 12 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның 2 мыңға жуығы – дәрігер, қалғаны – орта және кіші қызметкер.

Жалпы саланың дамуына мемлекет зор басымдық беріп отыр. Былтыр өңірдегі 160 маманға көтерме жәрдемақы төленіп, 70 дәрігер баспанамен қамтылды. Ал «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 25 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Ермұрат Жүсіпбеков, Жангелдин аудандық орталық ауруханасының дәрігері:

- Жалпы қазір жас дәрігерлер келіп жатыр. Қазір енді «подъемный» дейді ғой, көмек көрсетіп жатыр. Биыл ауданға 3 дәрігер келді. Алға ұмтылушылық бар. Мысалы, көпфункциялы төсек дейді, сонымен бүкіл аурухананың ішін жабдықтап шықты. Биыл сосын ГАЗель автокөлігін берді.