Донорларға төленетін ақы көлемі өседі
Қан тапсырып, ақша табыңыз. Яғни, донорларға төленетін ақы көлемі өседі, деп хабарлайды 24kz.
Қазір осы мәселе пысықталып жатыр.
Егер қолданысқа енсе, төлем қаншаға өседі?
Нұрқанат Қанапия, тілші:
- Енді қан тапсырып пайда табуға болады. Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты донорларға төленетін төлемді бірнеше есе өсіруді көздеп отыр. Қазір төлем сомасы 900 теңгеден сәл асады.
Дулат Имашпаев, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы төрағасының бірінші орынбасары:
- Бір адамға біз қан тапсырған соң энергетикалық құндылығын талыптастыру үшін стандарт бойынша 0,25 МРП ақша төленеді. Ол жылдан жылға өсіп отырады. Бірақ қазір Денсаулық сақтау министрлігімен бірге біз осы соманы 1,25%-ке дейін көтермекшіміз. Шамамен 5 мың теңгедей болады.
Алайда күнде қан тапсырып, байып кетемін деп ойламаңыз. Бір адамның бір жылда 6 рет қан беруіне болады. Оның ішінде денсаулығы жақсы, созылмалы сырқаттарға шалдықпағандардың ғана қаны кәдеге жарайды. Сонымен қатар ыстық елдерге жиі баратын жандардан да уақытша қан алынбайды.
Дулат Имашпаев, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы төрағасының бірінші орынбасары:
- Ота жасалған адамдар, тістерін жұлған, тағы да кішкентай оталары бар, содан кейін татуировкалары қойылған, сондай адамдар болады. Содан кейін кейбір Оңтүстік Азия мемлекеттерінде, Африка мемлекеттерінде, Оңтүстік Америка мемлекеттерінде болған адамдарға біз алты айға дейін отвод береміз. Себебі ол жақта инкубациялық, инфекциялық аурурлар көп таралған. Содан ол бола ма, болмай ма, сол мақсатта уақытша отводтар береміз.
Орталықта күніне 200-ге жуық адам қан тапсырады. Донорлардың басым бөлігі өз еркімен келеді. Алайда арнайы шақырылатын донорлар да бар.
Ербол Ислам, қала тұрғыны:
- 2019 жылдан бері, әріптесіме керек болып қалып, содан келдім де осы жерде донор болып қалып қалдым. Өздері хабарласады керек кезінде. Аллаға шүкір, қан тобым I топта болған соң көбіне жиі айтады балаларға керек деп. Бір жылда 4-5, 6 рет тапсырамын ғой.
Баян Әубәкірова, қала тұрғыны:
- Біраздан бері тапсырған жоқпын. Бүгін ерікті түрде келіп отырмын. Жиырма жылдай болған шығар тапсырмағаныма. Өзім қаралып тұрамын, скринингтен өтіп ай сайын, жыл сайын бір рет. Соған барған кезде сондай кеңес айтты ол кісілер, гемоглобиніңіз жақсы екен, барып қан тапсыруға болады деді.
Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:
- Спорттан кейін тұрақты түрде донор болып қан тапсырамын. Бізге өте пайдалы, сосын халыққа. Бұл маңызды нәрсе, мен халықты қан тапсыруға шақырамын.
Дәрігерлер Ораза айында, ұзаққа созылатын мейрамдар кезінде донор азайып кететінін айтады. Салдарынан қан тапшылығы туындауы мүмкін. Әсіресе IV топ сирек кездеседі.
Авторолары? Нұрқанат Қанапия, Өрден Жарқын