Жамбыл облысында бір жылда 4,5 мыңнан астам науқасқа донордың қаны құйылды

Жамбыл облысында бір жылда 4 жарым мыңнан аса науқасқа донордың қаны құйылған.

Сондықтан қан орталығына келген әрбір тұрғын маңызды, -дейді дәрігерлер. Донор күні қарсаңында аймақтағы арна ұжымы да қан тапсырды.

Саламатсыздар ма?! Біз де 24КЗ телеарнасының ұжымы болып қан тапсыруға келдік. 

- Так, Бает Мерей Бейсебайұлы. Қан тобы 3 положительный екен. Как раз бізге керек екен қан тобыңыз. Заявка түскен еді больницадан ЛТС ке. Отырыңыз мұнда.

Облыстық қан орталығына бір жылда 16 мың адам қан тапсырады. Мамандар тұрғындарды донор болуға үнемі шақырады. Себебі облыстағы 30-ға жуық аурухана мен 2 кардиохирургиялық клиникаға күнделікті қан керек.

Мерей Бает, тілші:

- Қан тапсыру арқылы сіз өзге жанның өмірін сақтап қалуыңыз әбден мүмкін. Одан соң өзіңіздің денсаулығыңызға да пайдасы зор. Жаңа қан клеткалары пайда болып, одан соң ағзаңыз тазарып жаңарады, - дейді дәрігерлер. Сондықтан біз де қан тапсыруды жөн санадық.

Қан екі сатылы скринингтен өтеді. Бұл өнімнің таза, әрі қауіпсіз болуына кепілдік береді. Ал одан әрі биоматериалға мұқтаж науқасқа құйылады. Кенжекүл Ордабаева тамшы қанның қадірін біледі. Немересі 4 жасында   қан ауруына шалдыққан. 1 айда бірнеше рет қан құятын кездер болады. 

Кенжекүл Ордабаева, қала тұрғыны:

- Донорларға мен мынай мылтықсыз майданның батырлары деген сөз ыңғайлы деп ойлаймын. Өйткені бұлар сол адамдардың өмірін ұзарту үшін өздерінің мейірімділіктерін жүрегінің үлкендігін, сабырлылықтарын халқы үшін еңбек ету керегін түсінген азаматтар деп ойлаймын.

Жамбыл облыстық қан орталығының 85 жылдық тарихы бар. 2011 жылы мекемеге медициналық көмек беру стандартына сай салынған жаңа ғимарат берілді. Өңірдегі жетекші мекеме 19 елдің соңғы үлгідегі құрылғыларымен қамтылған.

Гулам Умаров, облыстық қан орталығының директоры:

- Біз 25 мың қан компоненттерін шығарамыз. Осы компоненттерді тексеру зерттеу үшін бізде 250 мың анализ зерттеулер өткізіледі. Оның ішінде гепатиттер бар вирус ВИЧ бар, тағы да басқа анализдер бар. 

Түрлі қызметте болсын, әртүрлі ұлт өкілі болса да адамдарды байланыстыратын бір дүние бар. Ол бойындағы қан, дейді орталық мамандары. Мереке қарсаңында сол қанымен бөлісіп жүрген үздік донорлар марапатталды. 

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә