Елді мекендерде 432 медпункт пен дәрігерлік амбулатория салынатын болды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бүгінге дейін 432 жоба бойынша оң қорытындылар берілді. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.