Алматыдағы автобус апаты. 4 адам ауруханада жатыр

Алматыдағы автобус апаты кезінде бір адам опат болып, артынан 4 жолаушы ауруханаға түскен.

Жол апаты кеше Мақатаев көшесінің қиылысында болған еді. Сауда орталығының автотұрағынан шыққан жеңіл көлік шығыс бағытта кетіп бара жатқан автобуспен соқтығысқан.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал жол апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы қалай? Осыны білмекке қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиевамен байланысқа шықтық.

  1. Жол апатынан барлығы қанша адам зардап шекті? Олардың жағдайы қалай?
  2. Зардап шеккендер арасында 14, 15 және 16 жастағы үш жасөспірім бар деген еді. Олардың жағдайы қалай?
  3. Қалған зардап шеккендердің денсаулығы қалай? Ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ па?

Ләйлә Иманғалиева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы