Астан уланған 3 бала жансақтау бөлімінде жатыр. LIVE

Түркістан облысында жекеменшік балабақшада астан уланып қалған балалар ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің жіті бақылауында. Осыған дейін де Келес ауданында 34 баланың астан ұшынғанын айтқан едік. Ал жағдай 24 маусым күні таңғы астан кейін болған. Сол кезде 2-3 жасар кішкентайлар бірінен соң бірі құсып, бастары айналған. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік белгілері байқалған. Балабақша қызметкерлері бірден дәрігер шақыртып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Ауруханаға жеткізілген тәрбиеленушілердің 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөліміне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскен. 

Енді осы балалардың денсаулығын білмекке Келес аудандық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары Бекарыс Есенбековпен байланысқа шықтық.

  1. 6 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Үшеуі жансақтау бөлімінде деген хабар алдық. Бұл рас па? Қазір балалардың денсаулығы қалай?
  2. Қандай көмек қажет?
  3. Үйіне қайтарылған 15 баланың денсаулығы қалай? Одан кейін ешқайсы ауруханаға хабарласқан жоқ па?
  4. Жалпы жазда мұндай жағдайлар көбейеді ғой. Бұл мекемеде, яғни осы балабқашада мұндай жағдай бұрын болмаған ба?

Бекарыс Есенбеков, Келес аудандық ауруханасының Бас дәрігерінің орынбасары: