Ақтөбеде эпилепсияға шалдыққан балаларға күрделі операция жасалды
Ақтөбелік нейрохирургтер эпилепсиямен ауыратын балаларда ұстамалардың жиілігін 60%-ке төмендететін бірегей операция жасауды үйренді, деп хабарлайды 24kz.
Мамандар науқастың бассүйек жүйкесіне арнайы стимулятор орнатты. Операция бір сағат бойы жүргізілді. Оны Алматыдан келген білікті дәрігер Азамат Жайылғанов өткізді. Ол бұған дейін жетпіске жуық операцияны сәтті аяқтаған.