Қазақстанда 7 мыңға жуық дәрілік зат пен медициналық бұйым түрі тіркелген

Оның бір мыңы ғана елде өндіріледі, деп хабарлайды 24kz.

Қалғаны шетелден сатып алынады. Соның ішінде көбі ТМД елдері мен Германия, Италия, АҚШ-тан тасымалданып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша былтыр елдің фармацевтикалық нарық көлемі 950 млрд теңгені құрады. Оның 145 млрд теңгеге жуығы отандық өнім. Экспортқа шамамен 8 млрд теңгенің тауары жөнелтілген. Қазір елде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен техникаларды шығарумен 193 кәсіпорын айналысады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай фармацевтика саласындағы отандық өнім үлесі 50%-ке жетуі тиіс.

Қазақстандағы фармацевтика нарығы

7000 дәрілік зат

1000 отандық, 6000 импорт

Нарық көлемі – ₸950 млрд

Отандық өнім – ₸144,3 млрд

Экспорт₸7,9 млрд

193 кәсіпорын

2025 ж. отандық өнім үлесі 50%