Петропавлдағы балаларды оңалту орталығында маман жетіспейді
Петропавлдағы балаларды оңалту орталығында маман жетіспейді.
Бұл туралы Сенат депутаттарымен өткен кездесуде айтылды. Мамандар тапшылықты аз жалақымен байланыстырып отыр. Биыл ашылған орталықта бүгінгі дейін 100 бала ем қабылдады. Мұнда сенсорлық, тұзды және тағы да басқа дамыту кабинеттері бар. Депутаттар дәрігерлердің талап-тілегін тыңдады. Сонымен қатар олар аудандарды аралап, тұрғындармен кездеседі.
Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Алаңдатыны ол жаңағы су мәселесі, жол мәселесі. Өздеріңіз білесіздер, 2025 жылға дейін біз ауыз су мәселесін толыққанды шешуіміз керек. Бірақ дегемен, қазір көріп отырмыз құжат мәселесіне байланысты, қаржының кешеуілдеп келуіне байланысты, кешеуілдеп бөлінуіне байланысты көптеген ауылдарға әлі су жеткен жоқ. Сонымен қатар әлі құжат дайындап жатқан ауылдар да бар. Сондықтан да осы мәселені жетелдету керектігін біз әлі көріп отырмыз.