Сал ауруы мәселесі көтерілді

Елімізде туабітті сал ауруына шалдыққан 18 жастан асқан жандарға оңалту орталықтарын ашу қажет.

Бұл мәселені Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Наумова медицина саласының мамандарымен бірге талқылады. Депутат облыстық балалар клиникалық ауруханасының ұжымымен кездесті. 

Ашылғанына 1 жыл болмаған мекемеде біраз жұмыс атқарылған. Ауруханада қазір кеңес беру орталығы, травматология, ортопедия, нейрохирургия сынды жаңа бөлімдері бар. Ерекше балаларға арналған оңалту орталығының да жұмысы бір ізге қойылған. 

Динара Наумова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Бүгін балалар ауруханасының жұмысымен таныстық. Мұндағы түйткілді мәселелерді түртіп алдық. Кейін парламентте көтереміз. Бұған қоса медицина мамандарымен бірге 18 жастан асқан сал ауруына шалдыққан жандар үшін оңалту орталықтарын көбейту жайлы мәселені талқыладық. Маған бұл жайлы біраз адам шағымданды. Сондықтан осы сұрақты міндетті түрде жеткіземін.