Қоғамдық денсаулықты сақтау саласы үздіктеріне арналған курстар өтіп жатыр
Астанада қоғамдық денсаулықты сақтау саласының үздіктеріне арналған оқыту курстары өтіп жатыр.
Шараға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 8 мемлекеттің өкілдері қатысуда. Бұл елдер қарулы қақтығыстар, халықтың жаппай көшуі, климаттың өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, жалған ақпарат тарату сынды күрделі жағдайларға жиі тап болады. Бұдан бөлек сарапшыларды инфекциялық аурулардың қайта өршуі алаңдатып отыр. Енді Астанада бас қосқан мамандар осы мәселелердің түпкілікті себебін анықтап, оның шешу жолдарын талқыламақ жоспарда.