Дәрігерлер науқастан алты келілік қатерлі ісікті алып тастады

Тараздық дәрігерлер науқастан салмағы 6 келі болатын қатерлі ісікті алып тастады.

Күрделі операция 5 сағатқа созылған. Себебі ісіктің көлемі 35 сантиметрге жетіп, бауырдың 90 пайызына жайылып үлгерген. Соның кесірінен науқастың тынысы тарылып, жүріп-тұруы қиындаған. Ал 62 жастағы Меркі ауданының тұрғыны мұны тұмау деп ойлап, біраз уақытын өткізіп алыпты. Дегенмен дәрігерлер заманауи құрылғылардың көмегімен бауырдан ісікті қан шығармай кесіп тастады.

Ерасыл Арапов, облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының бөлім меңгерушісі:

Біз үлгердік, аха. Шынын айтқан кезде өте повезло. Қазір ешқандай метастаз жоқ. Химия алмайды. Бұл кісі таргетный терапия алады. Таргетный терапия деген сөз – ол уже целенаправленная профилактика ретінде берілетін берілетін ем.