Қызылорда облысында 11 дәрігерлік амбулатория ашылады
Биыл Қызылорда облысында 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 5-еуі Шиелі ауданында салынып жатыр. Өңірге жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық нысандардың құрылысымен танысты. Жергілікті дәрігерлермен кездескен министр емханалар жұмысын жетілдіруге басымдық беру керектігіне тоқталды.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Ең бастысы, біз емхананың жұмысын дұрыстауымыз керек. Емхана ішінде дәрігерге біз толығымен жағдай жасалу керек. Дәрігердің бүгінде науқасқа көңіл бөлетін уақыты жоқ. Берілген 20 минуттың 13 минутына дейін компьютерге ақпарат енгізумен барлық уақытын өткізеді. Біз тиісті интеграция жасау мәселесін қолға алып жатырмыз. Негізі дәрігердің науқасқа, халыққа деген уақытын, көңілін көбірек аударса деген – қазіргі біздің приоритет.