Елімізде халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау апталығы өтті

Елімізде алғаш рет халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға арналған апталық өтті деп хабарлайды 24kz.

Бастама Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асты. Шара барысында тәжірибелі мамандар жастарға жыныстық жолмен таралатын аурулардан қорғану, ерте жастағы жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау жөнінде жан-жақты кеңес берді. Мақсат – түрлі қатердің алдын алу. Ұлттық комиссия мүшелері барлық аймақта осы өзекті тақырып бойынша өткен дәрістерге қатысып, тегін медициналық тексерулер өткізді. Репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы аясында 10 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, 300 мыңнан астам адам қамтылды. Оның 40%-і жасөспірімдер.