Жетісу облысындағы медицина мекемелеріне 29 санитарлық көлік берілді

Жетісу облысындағы емдеу мекемелері 29 санитарлық көлікпен толықты, деп хабарлайды 24KZ.

Науқастарды тасымалдауға арналған су жаңа техника аудандық ауруханалар мен Талдықорғандағы медицина ұйымдарына берілді. Тиісті құралдармен жабдықталған автомобиль қызмет сапасын арттыруға сеп болмақ.

Айта кетейік, былтыр да 29 автокөліктің кілті табыс етілген болатын. Одан бөлек, демеушілер есебінен 5 көлік алынып, пайдалануға берілді. 

Қанатбек Әбдрахманов, Кербұлақ аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Бізде ауылдарда санитарлық автокөлік жоқ емес, бар. Бірақ олардың шыққан жылдарын есептесек, 25-30 жыл болған. Әрине, олар күн сайын сынады. Оларға қаражат керек. Енді осы автокөліктер медициналық қызмет сапасын жақсартады. Біз осы 2 жылда 8 автокөлік алдық. Мынаумен үшеу болса – 11. Бізде 90% жаңарып қалады.