Дәрігерлер Кореяда тағылымдамадан өтіп жатыр

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында Орталық азия елдерінен келген бір топ реабилитолог дәрігер тағылмдамадан өтіп жатыр.

Олардың ішінде Алматы қаласының №1 клиникалық ауруханасының реабилитологы Жансая Құлымжанова бар. Жерлесіміз өзге елдердің мамандарымен бірге бір ай бойы науқастарды оңалту мен диагностикалық процесстерді бақылайды. Тәжірибе соңында дәрігерлер халықаралық ынтымақтастық бойынша өз ұсыныстарын ортаға салады. Іс-шараны Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы ұйымдастырып отыр.  

Жансая Кұлымжанова, Алматы қаласының №1 клиникалық ауруханасының реабилитолог дәрігері:

- Кореяда дәл осы реабилитация орталықта 2-3 айға дейін емдеу жүргізіледі екен ал мен жүмыс жасайтын бізде 2 этап деген бар реабилитацияда. Сол жерде 14 күнге дейін ғана жұмыс жасау болады. Егер қиын дәрежелі науқастарға көбірек уақыт бөленетін болса, жағдайына байланысты, онда нәтиже де өте жақсы болады деп ойлаймын.

Пак Сон Сик, Кёнбук Университеті Чильгок ауруханасының президенті: 

- Біз Орталық Азия елдерінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Клиникамызда жыл сайын 14-тен астам елден дәрігерлер, медбикелер, студенттер келіп тағылымдамадан өтеді. Олар тренинг арқылы Кореяның медициналық, әкімшілік, сақтандыру, шұғыл жәрдем, оңалту және диагностикалық жүйесін жақынырақ танып біледі.