Ауыл медицинасын жаңғырту барысы. LIVE

Ауыл медицинасы жаңа денсаулық сақтау нысандары мен білікті кадрға мұқтаж.

Сондықтан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы толыққанды кезек күттірмейтін мәселе боп тұр. Осылай деген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұлттық жобаны іске асыру барысына жедел кіріскенін айтты. Бүгінде Үкімет ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлген. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігі өңірлерге үлестірілді.