Елімізде 337 медициналық мекеме салынып жатыр

Елімізде алғашқы көмек көрсететін 337 медициналық-санитариялық нысан құрылысы жүріп жатыр деп хабарлайды 24kz.

Бұл – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының аясында атқарылып жатқан шаруа. Бүгінде 655 медициналық мекемеге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. 102 нысанның құрылысы аяқталған.

Айта кетейік, 551 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жергілікті әкімдіктер бюджеті есебінен жүргізіледі. Тағы 355 нысанды республикалық бюджет пен Үкімет резервінің есебінен қаржыландыру көзделген.