Донорлық трансплантологияның қазіргі күйі. LIVE
Қазіргі заманда трансплантология ең көп сұранысқа ие жоғары технологиялық медициналық көмектің түрі деп хабарлайды 24kz.
Себебі бұл науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның өміріне едәуір өзгеріс әкеледі. Жағдайды қиындатып отырған басты себеп – донорлық органдардың тапшылығы. Бұл проблема қалай шешілмек, Қазақстанда донорлық қалай дамуда, трансплантологияның даму келешегі қандай болмақ? Бұл сұрақтарға Транспланттауды үйлестіру орталығының бөлім басшысы Қайрат Иманбаев студиямызда жауап береді.
- Жаңа ғана Қазақстандағы жүрекке алғаш имплантация салынғанына 10 жыл дедік. Түсінгенімше, бұл денсаулық мәселесін түбегейлі шешпейді. Жүрек болсын, басқа ағза болсын мұндай көмекші құралдарды салу науқастарға қаншалықты көмектеседі?
- Донорлық трансплантация мәселесіне тоқталсақ. Бүгінде қанша адамға ағза алмастыру кезегінде тұр? Былтырғы статистикамен салыстырсақ, жағдайдың жақсарғаны байқала ма?
- Транспланталогияның жолға қойылғанына бірталай жыл болды. Қысылтаяң кезде адамдар жақындарына ағзасын беруге келісімін беріп жатады. Мұндай донорлардың статистикасы қандай?
- Өлген адамның ағзасын салу біздің елде неше жылдан бергі өзекті жатқан мәселе. Қысқа-нұсқа бұның себептерін айта кетсеңіз.