Ақтауға жоғары дәрежелі дәрігерлер тобы келді

Президент іс басқармасы Медициналық орталығының дәрігерлері Ақтаудағы науқастарға күрделі операция жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Әрі сырқаттанғандарға тегін кеңес берді. Алматы және Астана қаласынан барған мамандар облыстық ауруханада ғана емес, өзге де емдеу мекемелерде жұмыс істеп жатыр. Олар тұрғындарды қабылдап қана қоймай, маңғыстаулық дәрігерлер үшін семинар тренинг өткізді. Делегация құрамында кардиолог, реаниматолог, аллерголог, онколог, уролог, пульмонолог, эндокринолог бар. Бұл – жоғары дәрежелі дәрігерлердің 13-ші өңірі. Екі жыл ішінде орталық қызметкерлері 280 операция жасап, 300-ден аса шеберлік сабағын өткізді.

Насрулла Шаназаров, ҚР ПІБ Медициналық орталығы директорының орынбасары:

- Президент іс басқармасы Медициналық орталығының медициналық қызметті дамыту тұжырымдамасы бар. Соның аясында өңірлерді аралап, өз тәжірбиемізбен бөлісіп жүрміз. Бұл жолы онколог, пульмонолог сынды 20 маман келдік. Бір күннің ішінде әріптестерімізбен ақылдаса отырып, жағдайы қиындау деген 15 адамға консультация бердік.