Елімізде неонатологиялық қызметтердің тарифі өсті

Биыл алғашқы жартыжылдықта еліміз бойынша дүние келген 180 мыңнан астам сәбидің барлығы дерлік неонаталдық скринингпен қамтылған, деп хабарлайды 24kz.

9 мыңға жуық бала офтальмологиялық скринингтен өткізілді. Соның ішінде 240 нәрестеге хирургиялық емдеу жүргізілген. Ал есту қабілетін тексеруге арналған аудиологиялық скринингпен 170 мыңға жуық сәби қамтылды. Денсаулық сақтау министрлігі перзентханаларда медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында босандыру мен неонатологиялық қызметтердің тарифін қайта қарады. Енді кесарь тілігін қоса алғанда, күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ке, ал жаңа туған нәрестелерге күтім жасау 35%-ке қымбаттады.

Бала денсаулығы

2024 ж. қаңтар-маусым

182 560 сәби дүниеге келді

97% неонаталдық скрининг

8 621 сәби офтальмологиялық скрининг

240 сәби – хирургиялық емдеу

169 000 сәби – аудиологиялық скрининг

 

Тариф ұлғайды:

Кесарь тілігі, күрделі босандыру – 60%

Нәрестелерге күтім жасау – 35%