Мамандар: Қарбыз-қауынды кесілген күйде сатып алуға болмайды
Жаз мезгілінде бау-бақша өнімдерінің саудасы қыза түседі.
Алайда санитарлық талаптарды бір сәт ұмыт қалдыруға болмайды. Сала мамандары тұтынушыларға бірқатар кеңес беріп отыр. Олар ең алдымен өнімдерді белгіленбеген сауда орындарынан сатып алмауды ескертеді. Одан кейін тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатты талап ету керек. «Қарбыз-қауынды кесілген күйде сатып алуға болмайды. Өнімдерді барынша ағынды суға жуу қажет. Ал тілінген соң оны тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтамаған жөн», – дейді отандық санитарлық дәрігерлер.
Бақша өнімдерінен уланудың алдын алу
- Белгіленбеген сауда орындарынан сатып алмау;
- Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатты талап ету;
- Қарбыз-қауынды кесілген күйде сатып алмау;
- Өнімді ағынды суға мұқият жуу;
- Үйде кесілген өнімді тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтамау.