Елімізде Батыс Ніл вирусы таралу қаупі бар

Көрші Ресейдің бірқатар аймағында Батыс Ніл безгегі анықталды, деп хабарлайды 24kz.

Сол себепті мамандар ел тұрғындарын сақтануға шақырып отыр. Бұл вирусты негізінен кулекс масалары таратады. Бұл жәндіктер көбіне су қомайларында мекен етеді. Дәрігерлердің сөзінше, бұл инфекция 60 жастан асқандар мен иммунитеті төмен адамдар үшін өте қауіпті. Вирустың негізгі белгілері бұлшықет пен буындардың ауруы, әлсіздік. Ал одан сақтану үшін мамандар үйдің терезелеріне тор орнатуды, орманға барғанда масаға таланбайтындай етіп киінуге, жәндіктерге қарсы улағыш заттарды пайдалануға кеңес етеді.