СҚО-да 38 емдеу мекемесі салынады
Солтүстік Қазақстан облысында 38 емдеу мекемесі салынады.
Олардың дені шалғай ауылдарда ашылады. «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бұл мақсатқа бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Енді құрылыс қалай жүріп жатыр? Қарқыны қалай?
Шалғайдағы Айымжан ауылында 200 - ге жуық адам тұрады. Дені зейнеткер. Жергілікті тұрғындар басы ауырып, балтыры сыздаған күні аудан орталығына қатынап емделеді. Өйткені дәрігер жоқ. Биыл елді мекенде жаңа медициналық пункт салынып жатыр.
Есімхан Ағабеков жоба жетекшісі:
- Медициналық пункт смена 24 посещения. 4 жұмыс орыны болады. Құрылыстың басталуы осы май айында басталды. Август айында тапсырамыз. 3 ай мерзім қарастырылған. Кеше процентовка жасады осы әкімшіліктен келді жаңағы құрылыс басқармасынан келді. 80 пайыз орындалған болып тұр.
Бір қабатты ғимараттың құрылысына 140 млн. теңге бөлінген. Жамбыл ауданында дәл осындай тағы бір медициналық пункт салынып жатыр. Ол Баян ауылында ашылады.
Бақыт Қашағанова, Жамбыл аудандық ауруханасының директоры:
- Медициналық көмек керек. Оларға поликлиника келе алмайды. Скрининг өткіземіз. Аудиологический скрининг, вакцинация, диспанциризация дейміз ғой, хранические заболевания соларды дәрігер келіп көмектеседі. Осы кісілерге керек. Керек нәрсе. Біз қуанып жүрміз осы ауылда медпункт болады деп.
Өңірде «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жақсарту» ұлттық жобасы аясында 38 медициналық нысан салынып жатыр. Олардың бәрі биыл тапсырылады.
Нұрболат Иманжанов, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- 46 ауылда 5 дәрігерлік амбулатория, 19 фельдшерлік - акушерлік және 23 медициналық пункт салынады. Қазір мердігер ұйымдармен келісім - шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған ұлттық жоба аясында жалпы елімізде 300 медициналық нысан салынады. Ол үшін Үкіметтен 40 млрд теңге бөлінген.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов