Биыл 10 мыңнан астам түлек дәрігер атанды
Биыл 10 мыңнан астам адам медициналық жоғары оқу орындарын аяқтады, деп хабарлайды 24kz.
Оның тең жартысы мемлекеттік грант иегері. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі. 4075 түлек медициналық мекемелерге жұмысқа барған.
Осылайша, маман тапшылығы 84%-ке азайды. Нақтырақ айтсақ, ауылдық жерлердегі кадр жетіспеушілігі 98%, ал қалаларда 76%-ке төмендеді