Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат сынақтан өткізілді
Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат клиникалық сынақтың алғашқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстандық-америкалық биолог Дос Сарбасов бастаған ғалымдар тобы қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, препараттың қандай дозасын егу тиімді екенін анықтауда. Зерттеудің алғашқы кезеңіне 15 пациент қатысты. Қазір тестілеудің екінші кезеңі жүріп жатыр. Препарат қатерлі ісік жасушаларын өздігінен жоюға бағытталған. Бұл үшін төмен концентрацияда С витаминінің D түрі мен мышьяктың дозасын біріктірілді.
Жансая Канкетаева, Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері:
- Профессор айтып кеткендей, бірінші-екінші кезеңі өтті. Бірақ онда 15 адам ба сондай қатысты. Көп емес. Енді біз дивиси мен мышьяктың максималды қауіпсіз дозасын анықтау үшін қайтадан артқа жүріп, қайтадан тышқандарда зерттеулер жүргіземіз. Қауіпсіз дозасын анықтағаннан кейін қайтадан үлкен масштабты сынақтар өткізіледі.