Биыл 1290 адам коронавирус жұқтырған
Елімізде жыл басынан бері коронавирус инфекциясы бойынша 1290 жағдай тіркелді.
Олардың ішінде қайтыс болғандар жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруды жұқтырып, емдеу мекемесіне түскендер байқалмаған. Себебі дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатыр. Бірақ қазір елде Омикрон штамының түрлі нұсқалары таралған. Бұл ретте жауапты ведомство эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция мен коронавирус бойынша санитарлық-профилактикалық шаралар өткізу туралы қаулы қабылдады. Оған сәйкес 1 қыркүйектен бастап ауруға қарсы вакцинация жүргізу, медициналық ұйымдардағы кіреберістерді «фильтрмен» қамту, бептерде тағуды міндеттеледі. Антисептиктердің болуы да маңызды. Сондай-ақ жедел жәрдем шақыртуларында бірінші тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдерге қызмет көрсету қарастырылған.