Елде торакалды хирургия дамып келеді

Елде емханаға жүгінетіндердің үштен бір бөлігі өкпеге шағымданады.

Бұл дерттің қаупі жыл бойына белгі бермей, медициналық тексеріс кезінде бір-ақ анықталатын жағдайлары бар. Елордадағы Ұлттық ғылыми медицина интситутының хирургі Анатолий Колос осылай дейді. Сондықтан дәрігерге қаралып тұруды ұмытпау керек. Қазір отандық медицина заманауи әдіс-тәсілдерді барынша игерген. Жыл сайын 300-дей науқасқа операция жасалады.

Анатолий Колос, торакалды хирург, медицина ғылымдарының докторы:

- Соңғы жылдары әлемде және біздің елде торакалды хирургия өте жақсы дамып келеді. Дәлірек айтсақ, кеуде қуысы ауруларын емдеу анағұрлым жеңілдеп, ота жасаудың заманауи тәсілдері қолданыла бастады. Мысалы, біздің клиниканың кеуде қуысы хирургиясында аз инвазивті тәсілмен ота жасау 2010 жылдан бері қолға алынған. Қазір отаның 70% жаңа технология негізінде жасалады. Бұл әдістің ерекшелігі, ота кезінде жарақат аз болады және кейін науқастар тез қалыпқа келеді.

Кеуде қуысы мүшелеріне операция жасауда отандық дәрігерлер шетелдік мамандар үнемі тәжірибе алмасып отырады.

Бұл жолы осы саланың бастауында тұрған испандық дәрігер Диего Гонзалес Ривара Ұлттық ғылыми медицина орталығының мамандарына өкпе онкологиясын шағын бейнескоптың көмегімен емдеу тәсілдері бойынша арнайы шеберлік сағатын өткізді. Орталық дәрігерлері әлемдік деңгейде мойындалған маманның басшылығымен ота жасап, оның бірегей тәжірибесі мен практикалық дағдыларын игерді.

Диего Риваса, торакалды хирургия саласындағы әлемдік көшбасшы маман:

- Мұндағы келген басты мақсатым қазақстандық дәрігерлерге кеуде қуысы хирургиясындағы инновациялық әдіс-тәсілдерді үйретіп, ота жасау барысында көрсету болды. 2-3 см-лік тілікпен ғана жасалатын бұл отаның мүмкіндіктері мен ауқымы өте кең. Қазір әлемде кеуде қуысы оталарының 99% дәл осы тәжірибемен жасалады.