Маймыл шешегі: Қазақстан әуежайлары мен шекара өткелдерінде бақылау күшейді

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның шекара асуына жол бермес үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қазір әуежайлар мен шекара өткелдерінде бақылау шаралары күшейтілген. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға баса назар аударылады. Ал эндемиялық мемлекеттерге сапар шегуді жоспарлап отырғандарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Денсаулық сақтау министрлігі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

- Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болыңыз;

- Қорғаныс құралдарын қолданыңыз;

- Гигиенаны сақтау;

- Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз;

- Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз.