Алматы облысы Тұрар ауылына жаңа амбулатория керек

Алматы облысындағы Тұрар ауылына жаңа амбулатория керек.

Өйткені қазіргі ғимараттың қабырғасы сөгіліп, сылағы үгітіліп жатыр. Соған қарамастан мекемеде 7 медбике мен бір дәрігер тұрғындарға тиісті медициналық көмек көрсетіп келеді. Тіпті амбулаторияда қарапайым ауыз су жоқ. Тозығы жеткен ғимараттың ахуалын Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев арнайы барып көрді. Күн сайын мекемеде 30-ға жуық адамға қызмет көрсетіледі. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше жаңа амбулатория салуға жер телімі бөлінген. Бірақ құрылысқа бюджеттен қаражат керек. 

Сәуле Жайлаубаева, амбулатория меңгерушісі:

- Болашақта осының орнына 27 сотық деген. Соған саламыз деген. Енді күтіп жатырмыз салып берер.

Ержан Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл жерге келу мүмкін емес. Ішінде отырған адамдарға...енді..ол кісілердің жұмысы болған соң шыдап отыр. Сондықтан қазір мына әкімдіктен осы жерді толығымен алып, зданиені бөліп, бұзып орнына басқа амбулатория салуға жерін дайындап қойдық дейді. Енді ол жағынан ПСД жасап, қаражат бөлу жағын қарастырамыз.