Маймыл шешегі: ҚР ДСМ сақтық амалдарына көшті

Жаһанда маймыл шешегі өршіп келеді, деп хабарлайды 24kz.

Сол себепті Денсаулық сақтау министрлігі аурудың шекара асып келмеуі үшін тиісті сақтық амалдарына көшкен. Құзырлы ведомство өкілдері Үкімет отырысында қазір атқарылып жатқан шаруаларды баяндады. Одан бөлек, атқамінерлер жылыту маусымына дайындықты талқылады. Арна тілшісі Бекзат Аманов қазір Үкімет үйінен тікелей байланысқа қосылып, бұл туралы тарқатып айтып беруге дайын.