Өскеменде туберкулезге қатысты тексеріс күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері туберкулез ауруына қатысты тексеру шараларын күшейтіп, медициналық тың әдістерді қолдануда.

Бұл қауіпті індетті уақытында анықтап, аурушаңдық деңгейін түсіруге мүмкіндік береді. Айта кетейік биыл аймақта туберкулезден 10 адам қайтыс болды. 

Жыл басынан бері 172 науқас қатерлі індетке шалдыққан. Жергілікті дәрігелердің айтуынша, емханаға жүгінген науқастардың көбінің аурулары әбден асқынып кеткен. Оның арты қайғылы жағдайға әкеліп соғары анық. Ал қайтыс болғандардың дені бұрын бұл дертпен есепте тұрмаған. Алайда медициналық зерттеулер басқа аурумен қатар туберкулез жұқтырғанын көрсеткен. Аурудың лезде өршуіне азаматтардың уақтылы емханаға қаралмауы себеп. Қазір мамандар емдеу шараларында заманауи тың тәсілдерді қолданып жатыр. 

Болатбек Елшібеков, ШҚО Фтизиопульмонологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Фибробронхоскопия әдісі арқылы, бас арқылы туберкулездің кіші формаларын және ең ерте сатысында анықтап, диогностикалық емдеу жүргізу арқылы біз аурушаңдықты және өлімдікті төменде аламыз. 

Биыл өңірде алғаш рет қан алу шарасына да  жаңа әдіс еңгізілді. Бірақ, қанды бәрі тапсыра бермейді. Тек дерті дендегенде ғана дәрігерлердің көмегіне  жүгінеді. Мәселен, Дмитрий Сысоевтың осыдан үш жыл бұрын өкпесі сыр берген. Тіпті аяғын баса алмай, 35 келі салмақ тастағанын айтады. Бірақ, ақ халаттылардың көмегімен ауруынан құлан таза айығады. Қазір ол ішімдіктен бас тартып, салауатты өмір салтын ұстанады.

Дмитрий Сысоев, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Адам ең алдымен өзіне сену керек. Еңсесін түсірмеген абзал. Мен де аяғымды баса алмай, арбаға таңылып қалдым. Дәрігерлердің көмегімен бәрі қалыпына келді. 

Соңғы жылдары өңірде туберкулез дерті балалар арасында да өршіп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Сондықтан дәрігерлер вакцина алуға кеңес береді. 

- Кейсы на каждого амбулаторного больного. Категория лечения по которой он лечится, какая поликлиника, чтобы мы знали. 

Елена Паплёвка бірнеше жылдан бері туберкулезге шалдыққан науқастарға көмектесіп келеді. Яғни олардың ауруханадағы құжаттарын жинауға және ай сайын төленетін жәрдемақыны алуға атсалысады.

Лена Паплёвка, үкіметтік емес ұйымның басшысы:

- Қаржылық тұрақтылығы жоқ жандарға өте қиын. Олар ешқайда жұмысқа да орналаса алмайды. Сондықтан мемлекет тарапынан айрықша көмек қажет. 

Амбулаториялық есепте тұрған науқастарға ай сайын жәрдемақы төленеді. Ал шалғай аудан тұрғындарының емханаға қатынайтын жол ақысы да мемлекет есебінен қарастырылады. Сол себепті дәрігерлер қауіпті індет асқынбай тұрғанда емделуге шақырады. 

Абзал Азаматұлы, Вячеслав Ветлугин, Жігер Бабақанов