Қарағанды облысында ауруханаға түскен сарбаздардың жағдайы қалыпты
Қарағанды облысындағы ішек инфекциясымен ауруханаға түскен сарбаздардың жағдайы қалыпты.
Олар Теміртаудағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Осы жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталды. Комиссия құрамында санитарлық-эпидемиялогилық бақылау қызметінің мамандары, дәрігерлер, Ұлттық ұлан қолбасшылығының өкілдері бар. Еске салсақ, 18 тамыз күні Теміртау қаласындағы ауруханаға 5516 әскери бөлімінің 36 сарбазы түскен еді. Соның 30-ынан ішек инфекциясы анықталған. Қалғаны тек вирустық инфекция жұқтырған.
Данияр Өсербаев, ҚР Ұлттық ұланы 5516 әскери бөлімінің командирі:
- Біздің әскери бөлімінде 30 сарбаз өздерінің асқазанына байланысты ауырып қалды. Қазіргі уақытта Теміртаудағы ауруханада. Жағдайлары жақсы. Әскери бөлім объектілері санэпидемиологтардың бақылауында. Сынамалар алынды оқиға орнынан. Ішкі істер министрлігінің әскери тергеуі бақылауға алды.Неден болғанын мен айта алмаймын. Ол тергеу біткеннен кейін белгілі болады.