Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жоқ

Қазақстанда маймыл шешегінің бір де бір дерегі тіркелген жоқ.

Алайда әуежайларда, мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген. Тіпті инфекция кіріп, ауру адамдар анықталған жағдайда ем-дом алгоритмі әзір. Дәрі-дәрмектің қажетті қорын жасау үшін тиісті шаралар қабылданды. Медицина қызметкерлері диагностикалау мен емдеу әдістерін оқып жатыр. Жалпы маймыл шешегінің негізгі белгілері қандай?! Тұрғындар бұл дерттің қаншалықты қауіпті екенін біле ме?

- Қауіпсіздік шараларын қолға алу қажет. Себебі бұл ауру тараған жағдайда адам денсаулығына өте зиян.

- Сондықтан осындай аурудан сақ болу үшін дезинфекция шараларын қолдану керек. Гигиеналық талаптарды сақтау керек. Барлық тазалыққа мән беру керек. Африкадан келетін азаматтарды бақылау күшеюі керек.

- Туристеріміз, біздің халық демалуға барып келген халықтардың өздері алып келетін сияқты ол ауруларды. Көбіне ешкім қорғана білмейді, сақтанбайды ғой. Ал өз халқымыздың арасында ондай ауру көп шыға қоймайды. Көбіне ол аурулардың бәрі сырттан келеді ғой.

- Анықталмай-ақ қойсын негізі. Аурудың болмағаны жақсы ғой. Халқымыз аман болсын. Бұл ауру туралы шет жағасын естігем. Адам ауырғанда қалтырап, өзін ыңғайсыз сезінеді екен. Сондықтан алдын алып, өзімізді күтіп жүрген дұрысырақ.