Дәрігерлер маймыл шешегінің алдын алуға қатысты арнайы дәріс алды

Маймыл шешегі ауруының алдын алу мақсатында еліміздің дәрігерлері арнайы дәріс алды.

Дерттің клиникалық көріністері  мен емдеу жолдарын үйренді. Мамандардың айтуынша,  бұл дерт көбінде жеңіл түрде өтеді. Ал ауыр түрі болса денеде бөртпелер пайда болады. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер сақ болуы қажет. Індет Қазақстанда тіркелген жоқ. Алайда алдын ала сақтанған жөн дейді, дәрігерлер. Денсаулық сақтау министрлігі бұл инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдағанын айтады. Жағдай мамандардың тұрақты бақылауында.

Бақыт Көшерова, ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисі:

- Науқас болып қалса, ең бірінші жұқпалы ауру стационарына апарады. Ол жерде бізде бүкіл жұқпалы ауру стационарларда бокстар бар. Сонда жатқызады. Бүкіл дәрі-дәрмек бізде бар. Жергілікті бөртпелер пайда болса, онда антибиотиктер бар.