Денсаулық сақтау саласында білікті маман тапшы
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау саласында әлі де болса білікті маман тапшылығы бар екенін атап өтті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – елдегі өзекті мәселелердің бірі. Оны шешу үшін ең алдымен медицина саласындағы білім сапасын арттырып, грантты тиімді тарату ұсынды. Одан бөлек, Денсаулық сақтау саласында жаңа нормативтер мен ережелер әзірлеуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет. Өкінішке қарай, шетелдердің мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікке қатысты озық тәжірибелері заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеп соқтырады. Бұл тәсілдерді қайта қарап, инвестиция тарту үшін ақылға қонымды тарифтер ұсыну қажет. Үкімет денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты жаңа нормативтер мен ережелер әзірлеуі керек.