Тұмауға қарсы 2,3 млн доза вакцина сатып алынды

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады.

Қазір ол үшін 2,3 млн доза вакцина сатып алынды. Ресейде өндірілген екпенің алғашқы партиясы елге жеткізілген. Вакциналау медициналық мекемелер жанындағы арнайы кабинеттерде және көшпелі бригадалар көмегімен жүргізіледі. Медицина, әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен мүгедек жандар жоспарлы түрде егіледі. Сол секілді денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар вакцинамен қамтылады. Қалған азаматтар екпені қалауы бойынша ақылы негізде алады.