Елде сүйек кемігі донорларына сұраныс көп
Елде 12 мыңға жуық адам сүйек кемігі донорларының тізімінде тұр.
Жыл сайын олардың қатары 1200-1500 адамға толығады. Алайда туыс емес донорларға сұраныс көп. Отандық дәрігерлер сүйек кемігін алмастыру бойынша алғашқы операцияны 2018 жылы жасаған. 15 адамға туыстығы жоқ донорлар көмектесті. Ресей және италиялық 4 науқасқа да осындай операция жасалды. Мамандар: "Сүйек кемігін алмастыру арқылы 70 түрлі дертті емдеуге болады", - дейді. Демек, 18 бен 45 жас аралығындағы, салмағы 50 келіден асатын, дені сау кез келген адам донор болып, талай жанның өміріне араша бола алады.