Ақтөбеде дәрі-дәрмекті таңбалау жүйесі енгізілді

Ақтөбеде медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Өңірдегі ірі қоймада дәрілік заттарды таңбалау қолға алынған. Облысқа жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова медицина саласын цифрландыру үрдісімен танысты. Бұл мәселенің денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды қадам екендігін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан болатын.

Бұл қойма еліміздің батыс өңірін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Аймақтағы барлық медициналық мекеменің тапсырысын қабылдап, тиісті заттарды жөнелтіп отырады. Қазір нысанда дәрілерді таңбалау және қадағалау жүйесін енгізіп жатыр. Тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі ізін мейлінше ашықтығын қамтамассыз ететін цифрлық жүйе аясында 520 мың таңбаланған дәрілік зат қабылданған. 

Ерлан Жайынбаев, "Стофарм" ЖШС бөлім басшысы:

- Біз мұнда 12 дана бар екенін білеміз. Мына қорапқа 8 түйірін салдық. Бұрын таңбаламай жолдағанымызда қорапты жауып жөнелте беретінбіз. Қазір жүйеге енгізуіміз керек. Сонан соң мына кодты жабыстырамыз. Бұл штрих-кодта 20 данасы салынғандығы туралы ақпарат сақталады. Қабылдайтын тарап оны сканерлеп, тауар туралы толық ақпаратты және бір тапсырыста 20 дана бар екенін біле алады. Немесе қорапты ашып, әрқайсысын тексеруге болады. 

"Әлеуметтік әмиян" бағдарламасы аясында алғашы дәрі қаптамасы табысталды

Елімізде медицина саласын цифрландыру мақсатында «Әлеуметтік әмиян» тетігі де енгізіліп жатыр. Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Президент тапсырмасын жүзеге асыру үрдісімен де танысты. Номері 3-емханада бекітілген жандар тегін дәрі-дәрмек тізімімен электрондық үкімет порталы арқылы танысып, QR-код арқылы ала алады. 

- Вот врач выписал. я уже вижу. Открываю.

- Алтынай Нурболаткызы выписалась да?

- Да. Врач Кортекова. Открываю. Я выбираю тот с которым работаю на данный момент. Обеспечиваю.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Сақтандыру полисімен келген әрбір азамат толық өзіне қажетті көмекті алуы керек. Соған байланысты қазір медицина саласының үлкен цифрландыру жүріп жатыр. "Әлеуметтік әмиянды" ендіріп жатырмыз. Яғни, әрбір тегін дәрі-дәрмекті алатын азамат "Әлеуметтік әмиян" арқылы көріп, сол арқылы алу мүмкіндігін қарастыруы керек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасауды тапсырған болатын. Бұл ұлт саулығын нығайту үшін қолға алынған кешенді шаралардың бірі. Үкімет жылдың соңына дейін міндетті медициналық сақтандыру қорын цифрландыруды аяқтау жоспарланған. Ал келесі жылы бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастырылуы тиіс. Осы орайда Тамара Дүйсенова өңірлерде азаматтарды сақтандыру жүйесіне тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізу тапсырды.

Мансұр Есқожин, Айбек Даутов