Қазақстанда жыл басынан бері 1635 адам COVID-19 жұқтырған
Былтырғымен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 7 есеге төмен.
Нақты айтқанда, былтыр 11 мыңнан астам болса, биыл тамыз айында COVID-19-дың 138 оқиғасы болған. Шүкір етері, өлім-жітім жоқ. Мамандардың айтуынша, біздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты әрі бақылауда тұр.