Семейде 5 мыңға жуық оқушы адам папилломасы вирусына қарсы екпе алады
Семейде 11 жастан асқан 5 мыңға жуық қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы екпе алады, деп хабарлайды 24KZ.
Осылайша, мамандар жас жеткіншектерді жатыр мойны обырынан сақтауды жоспарлап отыр. Адам папилломасы вирусының асқынуы жатыр мойны обырына әкеп соғады. Ал бұл – аса қауіпті онкологиялық аурулардың үштігіне кіретін дерт. Екпе ата-аналардың рұқсатын алғаннан кейін салынады. Вакциналау Семейдегі білім ордаларында кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Айнұр Серікбаева, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Осы вакцинациялау жүргізу ол ерте жастан қыздар денсаулығын осы ең ауыр обыр түрлерінен қорғауға бағытталған. Бүгінгі күнде адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау өзінің эффективтілігін және тиімділігін халықаралық жүйеде дәлелдеген. Себебі оны 2006 жылдан бастап 135 ел осы вакцинацияны қолданып отыр.