Ақтөбе облысында жатыр мойыны обырына қарсы вакцина салып жатыр
Ақтөбе облысында жатыр мойны обырына қарсы 8 мыңнан астам қыз балаға екпе салды.
Елде жыл сайын 1900-ге жуық науқас осы ауруға шалдығады. Дәрігерлер одан сақтанудың бірден бір жолы дер кезінде екпе жасату дейді. Өйткені бұл халықаралық тәжірибеде сыналған ем түрі. соның арқасынды біраз ел бұл аурудан құтылған. Екпе 11, 12 және 13 жасқа толған оқушы қыздарға салынады. Бастысы дәрігерлер ата-ананың рұқсатын алуға тиіс. Биыл өңірге 8200 дана вакцина жеткізіліп, оқу ордаларының медицна кабинеттері мен емханаларға үлестірілген.
Ақзер Сүлейменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы:
- Бұл вакцина әлемнің 135 елінде 15 жыл бойы қолданылып келеді. Жатыр мойыны обырына қарсы иммунитет қалыптастыруда тиімділігін дәлелдеген. Вакцинаны қолданған елдерде бұл дертке шалдығу көрсеткіші 90 пайызға дейін азайды. Адам ағзасына қандай да бір зияны келтіру деректері әлем тәжірибесінде тіркелген жоқ.