Ұлытау облысында екі мыңға жуық қыз бала вакцина салдырады
Ұлытау облысында да 63 қыз бала жатыр мойыны обырына қарсы екпе салдырды.
Өңірде аталған вирусқа қарсы иммундау науқаны 23 қыркүйекте басталды. Мамандар вакцина салдарғандар арасында егуден кейінгі асқынулар болған жоқ дейді. Қазақстанда қолданылатын препарат «Гардасил» деп аталады. ол 2 компонентті. Екінші доза араға 6 ай салып егіледі. Дәрігерлердің айтуынша өңірде 11 жастағы 2 мыңға жуық қыз бала бар. Емханадағы вакцина қоры оларды толық иммундауға жетеді.
Елена Ткаченко, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Вакцинация тегін жүргізіледі. Жасөспірім қыздардың ата-анасының жазбаша келісімінен соң тіркелген мекенжайы бойынша дәрігерлік амбулаторияларда егіледі. Екпеден кейін де 3 күн бойы дәрігерлер бақылауында болады. Бүгінгі таңда біздің облысқа вакцинаның 1900 дозасы жеткізілді.