Жамбыл облысында «Шипажай-2024» халықаралық форумы өтті
Қазақстанда жыл сайын 400 мыңға жуық адам шипажайларда ем алады.
Бұл статистика жыл санап артып келеді. Соңғы жалдары аймақтарда табиғи ресурстар арқылы емдеу жақсы қолға алынған. Саладағы жетістіктер мен емдеудің жаңа технологиялары халықаралық «Шипажай-2024» форумында айтылды. Биылғы шара Жамбыл облысындағы Меркі ауданында өтті.
Халықаралық форуға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Еуропадан санаторийлік емдеу саласының мамандар келді. Қатысушылар саладағы жетістіктер және емдік жұмыстарға заманауи технологияларды пайдалану жайы мен саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Мәселен елімізде жоғары санатты курортолог маман жетіспейді. Оған қоса минералды сулар мен емдік балшықтарды жан-жақты зерттеу қажет. Осы сынды мәселелер жыл сайынғы форум аясында шешімін тауып келеді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Бүгінгі күні санаторлық ем Қазақстанда жаңа деңгейге шығып жатыр деп айтуға болады. Күні кеше курортология институты ашылып бүгінгі күні осы жиынның басы қасында ғалымдар да жүр. Сондықтан жаңа деңгейге көтеріледі деген денсаулық сақтау министрлігінің атынан сіздерді сендіргім келеді. Тиісті жұмыстар жасалынатын болады.
Елімізде 175 шипажай, сауықтыру және оңалту орталықтары бар. Науқастардың денсаулығын жақсартып емдеу үшін табиғи емдік ресурстар қолданылады. Мысалы, Меркі жеріндегі санаторидің шипажайдың ең басты емі - радон суы. Ол буын аурларына таптырмас ем, - дейді шипажай басшысы.
Серік Мақажанов, шипажай директоры:
- Плазмалифтинг жаңадан келіп жатқан ол мына суставтарға. Пантолечебница, елдің бәрі алыс Қатонқарағайға Өскеменге барса қазір Меркі шипажайына келіп ем қабылдап жатыр. Медоборудованиемізді жаңарттық. Бұрын болмаған АМОК. Ударно молотковый бізде қазір ол облыста Тараз қаласында бір-ақ жерде бар. Соны да енгізіп жатырмыз. Одан бөлек мына өзіміздің дәрігерлерімізді шетелге оқуға жіберіп жатырмыз.
Халықаралық форум аясында Меркі шипажайының 65 жылдығы тойланды. Салаға еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталып, шипажай тарихы жайында жинақтың тұсаукері өтті.
Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә